«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу
аймағын белгілеу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ А-2/22 қаулысы
(2007.13.04. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес сыртқы қолайсыз әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді:
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жерлерінің бекітілген шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында жалпы көлемі - 181 733 гектар, соның ішінде Щучье ауданында 120 178 гектар, Еңбекшілдер ауданында 61 555 гектар жер учаскесін қамтитын қорғалу аймағы белгіленсін.
2. Қосымша берілген «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілеу Ережелері бекітілсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а.
Ақмола облысы әкімдігінің
2007 ж. 23.01. № A-2/22 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Бурабай»мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында
табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ақмола облысы әкімдігінің 2007.13.04. № А-4/126 қаулысымен 1-тарау өзгертілді (бұр. ред. қара)
Жалпы ережелер
Осы Ережелер «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілеу мақсатында дайындалды.
Қорғалатын аймақ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі ұлттық парк) шекарасы бойымен ерекшеленеді және жергілікті жерде арнайы белгілермен белгіленеді.
Осы Ережелер ұлттық парктің қорғалу аймағының құрамына енгізілген барлық жерлерге таралады, атап айтқанда: