2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/2 шешімі
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009.30.12. № 26/1 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 13 938 616 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5 326 072 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 26 271 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 523 700 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 8 062 573 теңге.
2) шығындар - 14 123 507 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерді сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 184 891 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -184 891 теңге.
қарыздар түсімі 583 091 мың теңге;
қарыздарды өтеу 398 200 мың теңге;
2. Жергілікті атқарушы органының резерві 73 896 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2010 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде 4-қосымшаға сәйкес қалалық бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
4. 2010 жылға арналған қалалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.