Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.02.04 № 312 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 2 сәуірдегі

№ 312 қаулысымен

бекітілген

 

Стратегиялық объектіні сатып алудың басым

құқығын пайдалану ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес әзірленді және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығын пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:

Комиссия - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы стратегиялық объектілер бойынша консультативтік-кеңесші орган;

уәкілетті орган - Комиссияның жұмыс органы ретінде Үкімет анықтайтын мемлекеттік орган;

стратегиялық объектінің меншік иесі - стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын және осы стратегиялық объектіні иеліктен айыру жөнінде мәміле жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

сатып алушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған, стратегиялық объектіні сатып алу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісін білдіретін мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом