Введите номер документа
Прайс-лист

«Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 134 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 22 апреля 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 марта 2015

Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 134 Бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 53 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

Д. Құсдәулетов

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2010 жылғы 22 сәуірдегі

№ 134 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі

нұсқаулық

 

1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылайды.

2. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жағдайларын жан-жақты зерттеу мақсатында бірлескен қорыту және жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалпы қорытындыларды жасау үшін әртүрлі арнайы білімі бар сот сарапшыларын тарту қажет болған жағдайда ұйымдастырылады.

3. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу үшін анықтауды жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың қаулысы, соттың ұйғарымы негіз болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға құқылы.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом