Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1338 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1338 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
| Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Шаймерден Ербол Шаймерденұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы |
| Алпысбаев Төлеубек Жұмагелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті нормативтік-лингвистикалық проблемалар басқармасының бастығы, хатшы; |
көрсетілген құрамнан Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Қажыбек Ерден Задаұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):