Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 15 апреля 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 июня 2024

Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 20 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді;

2) жаңа туған нәрестелер мен ерте балалық шақтағы есту органдарын міндетті скринингтік тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді;

3) балалар мен ересектердің есту қабілетінің бұзылуларын объективті зерттеу әдістерімен диагностикалауды енгізуді;

4) балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы есту аппараттарын қондыруға уақтылы жіберуді;

5) есту қабілеті қатты бұзылған балалар мен ересектерді балаларды кохлеарлық имплантаттауға жіберуді;

6) есту протезін қондыру кезінде балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ, кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді есту-сөйлеуін оңалтуды;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс сурдологына есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом