Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 288 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 343 бұйрығымен күші жойылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 288 бұйрығымен бекітілген
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын
болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабына сәйкес әзірленді және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - қорық).