Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының
2010 жылғы 26 сәуірдегі № 01-01-31/144 Бұйрығы
ҚР Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 309 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2010 жылғы 2 сәуіріндегі 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ереженің 14-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының
2010 жылғы 26 сәуіріндегі
№ 01-01-31/144
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу
ережесі
1. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу шарттары мен тәртібін айқындайды.