«2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»
Тараз қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 мамырдағы № 29-3 Шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9, 109-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-96 болып тіркелген, 2010 жылдың 27 қаңтарында № 4 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «13845668» сандары «13847721» сандарымен ауыстырылсын;
«9992572» сандары «9994625» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «14202433» сандары «14204486» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімінің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
ь
Тараз қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы Е. Митрофанова | Тараз қа лалық мәслихатының хатшысы Ө. Байшығашев |
Тараз қалалық мәслихатының
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 29-3 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 25-3 шешіміне 1-қосымша
Тараз қаласының 2010 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Iшкі сыныбы |
| | | Атауы |
1 | 2 | 3 |
| | | 1. КІРІСТЕР | 13847721 |
1 | | | САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 2993072 |
| 01 | | Табыс салығы | 1083746 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 1083746 |
| 03 | | Әлеуметтік салық | 847191 |
| | 1 | Әлеуметтік салық | 847191 |
| 04 | | Меншікке салынатын салықтар | 644500 |
| | 1 | Мүлікке салынатын салықтар | 357000 |
| | 3 | Жер салығы | 138500 |
| | 4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 149000 |