Введите номер документа
Прайс-лист

«Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 24 мая 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 24 мая 2010

Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (Оспанов К.С.) және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттері (С.А. Баймұқанов) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына хабарласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Ж. Досқалиев

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 24 мамырдағы

№ 377 бұйрығына қосымша

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы күші жойылатын кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1. «Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 766 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2556 болып тіркелген, «Ресми газет» 2003 жылғы 6 желтоқсан № 49 (153) жарияланған).

2. «Қазақстан Республикасындағы қышыма кезіндегі профилактика және дезинфекция жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2682 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 28 ақпан № 9 (165) жарияланған).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом