Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 5 мамырдағы № 352/47-IV Шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 449/62-IV шешімімен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 19 қаңтарында № 610 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 6 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 8 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1) аталған шешімге 1-қосымша осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Ю. Келигов |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
КЕЛІСІЛДІ: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (ЭжБЖБ) бастығы | Б. Сағын |
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 5 мамырдағы
№ 352/47-IV шешіміне
1-қосымша
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 284/42-IV шешіміне
1-қосымша
Астана қаласының 2010 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Ішкі сыныбы |
| | | Атауы | |
| | | 1. Кірістер | 242 703 213,0 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 57 674 666,0 |
| 01 | | Табыс салығы | 25 119 053,0 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 25 119 053,0 |
| 03 | | Әлеуметтік салық | 20 612 205,0 |
| | 1 | Әлеуметтік салық | 20 612 205,0 |
| 04 | | Меншікке салынатын салықтар | 8 413 379,0 |
| | 1 | Мүлікке салынатын салықтар | 6 081 123,0 |
| | 3 | Жер салығы | 1 053 955,0 |