Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 8-тармағын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жауапты хатшының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 01-01-07/17 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 8-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙРАМЫН:
1. Спорт объектілерін салу мен қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманы бекіту туралы шешім осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Инвестициялық жобалар және мемлекеттік сатып алу департаменті (Омаров М.Е.) осы бұйрықтың қосымшасына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігінің
Жауапты хатшысы X. Мусиннің
2010 жылғы 29 қантардағы
№ 01-01-07/17 бұйрығына
қосымша
2010 жылы спорт объектілерін салуға бағытталған инвестициялық
жобалардың тізбесі
| № р/с | Жобаның атауы | ТЭН, ЖСҚ, ҚР ИСМ ҚжТКШІК (ҚР ҚІА) бұйрығының немесе тапсырыс берушінің бұйрығының нөмірі мен жасалған күні |
| 1. | Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадиондары кешенінің құрылысы | «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалының 2008 жылғы 13 қазандағы № 7-645/08 жоба бойынша қорытындысы, ҚжТКШІК 2008 жылғы 16 қарашадағы № 38-ПИР бұйрығы. |