Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 648 Бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 143-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен бекітілген
Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған
үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
1. Осы үлгілік біліктілік талаптары облыс бюджетінен, республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі - ОМО ІБҚ) және атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің (бұдан әрі - АО ІБҚ) қызметкерлері үшін белгіленген.
2. Осы үлгілік біліктілік талаптары негізінде ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органдар ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлері үшін олардың штат кестесінде көзделген ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді.
3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен
әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына қойылатын үлгілік