Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Астана қаласының әкімдігі 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ Қаулысы
(2018.08.01. берілген өзгерістермен)
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 Қаулысымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 27-585қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ бастығы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
| Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі | М. Құл-Мұхаммед |
Астана қаласы әкімдігінің 2018.08.01. № 105-8 Қаулысымен мемлекеттік тізімі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 27-492қ қаулысына
қосымша
Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік
тізімі
| Р/с № | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Көпес И.С. Силиннің үйі, ХІХ-ХХ ғ.басы | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары к-сі, № 35 |
| 2. | Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй, 1914 жыл | Қала құрылысы және сәулет | Ж. Омаров к-сі, № 57 |