Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № С-31/6
«2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 маусымдағы № С-37/6 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № С-31/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-115 тіркелген, 2010 жылғы 21 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2010 жылғы 21 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасында:
«10 798 595,9» сандары «10 776 282,9» сандарына ауыстырылсын;
«5 537 361,9» сандары «5 515 048,9» сандарына ауыстырылсын;
1 тармақтың 2) тармақшасында:
«10 907 851,8» сандары «10 885 538,8» сандарына ауыстырылсын;
8 тармақта:
«3 303 754» сандары «3 281 441» сандарына ауыстырылсын;
8 тармақтың 2) тармақшасында:
«3 297 536» сандары «3 275 223» сандарына ауыстырылсын;
«433 286» сандары «410 973» сандарына ауыстырылсын;
Көкшетау қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № С-31/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-115 тіркелген, 2010 жылғы 21 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2010 жылғы 21 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Төртінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 37 сессияның төрайымы | С. Мұратбекова |