Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жанындағы Сот Әкімшілігі жөніндегі комитеті
Төрағасының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 01-01-31/244 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 304 Бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 174-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ереженің 17-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жанындағы Сот Әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасы | Г. Ким |
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының
2010 жылғы 14 шілдедегі
№ 01-01-31/244 бұйрығымен
бекітілген
Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру
ережесі