Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.31.12 № 2333 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қауымдастығының кедендік одақ комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің (бұдан әрі - ет) кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі;

2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу бекітілсін.

3) Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ет жеткізушілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік квоталар бөлінсін.

4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға тарифтік квота шегінде ет импортына лицензиялар беруді жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды және жеке тұлғалардың етті осы қаулыға қосымшаларда көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Ауыл шаруашылығы және Индустрия және сауда министрліктеріне өнім берушілер мен шығарылған елі бөлінісінде ет әкелудің нақты көлемі туралы ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.

6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом