Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына және 8-бабы 8) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырғандары бекітілсiн:
1) Жануарлардың Ауески ауруын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесi;
2) Лептоспирозды алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесi.
2. Ветеринария департаментi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармаларымен бiрге, заңнамада анықталған тәртiп бойынша, осы бұйрықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргiзу, Ветеринария департаментiнiң директоры А.Ә. Қожамұратовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінен мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жариялану сәтiнен бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 12 қарашадағы
№ 665 бұйрығымен бекітілді
Жануарлардың Ауески ауруын алдын алу және
жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі
Осы Жануарлардың Ауески ауруын алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі (кейін - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар