Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 шешімі
(2014.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 30-5 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 97 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағида» 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013.21.10. № 17-9 шешімімен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)