Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына
1-қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары |
| Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
| Имашев Берік Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |