Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық - құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі;
2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.