«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/299 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 703 Қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2061 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 206-207 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2010 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 61 004 832 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 26 897 720 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 524 763 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 391 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 31 580 958 мың теңге;
2) шығындар - 61 151 357 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 439 298 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 948 664 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 509 366 мың теңге.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 389 912 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 390 931 мың теңге,
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 019 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 975 735 мың теңге.
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 975 735 мың теңге.
2-тармақта:
1) тармақшада:
мына жолдағы:
«Бейнеу ауданына» «81,2» сандары «84,0» сандарымен ауыстырылсын;
«Қарақия ауданына» «94,7» сандары «41,8» сандарымен ауыстырылсын;
«Ақтау қаласына» «9,0» сандары «9,8» сандарымен ауыстырылсын;