Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 809 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта:
21-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыс бағдарламасы қолданылатын мерзімде:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялардың ең жоғары көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 6 тамыздағы
№ 809 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 436 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш
сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің
тізбесі
| Бөлім | Бөлім атауы | Топ | Топ атауы | Сынып | Сынып атауы |
| 01 | Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету | 01.1 | Маусымдық дақылдарды өсіру | 01.11 | Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақ дақылдарын және майлы тұқымдарды өсіру |
| 01.12 | Күріш өсіру |