Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 658 қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 июня 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 658 қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы», «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы», «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;

2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом