Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429
«Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 Бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 385-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 «Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1410) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш-декларациясын тіркеу ережесінде:
6-тармақ келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Сәйкестікті растау жөніндегі органына өтініш берушімен ұсынылатын құжаттар, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады, егер ұсынылған құжаттар шет тілінде құрылған болса, оған мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасы қосымша ұсынылады.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Өтініш-декларациясы сәйкестікті растау жөніндегі органымен көрсетілген бұйрықпен нысан бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес ресімделеді»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комиеті Төрағасының 2005 жылғы 27 маусымдағы № 174 «Өтініш-декларациясының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 тіркелген, 2005 жылғы 3 қарашадағы № 139 «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.