Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИН. 2007.29.05 № 88 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 Бұйрығы

 

Осы редакция 2010 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңға сәйкес және қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігін декларациялауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының «Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 1593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.Қ. Бижановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

В. Храпунов

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007 жылғы 29 мамырдағы

№ 88 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленген және кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және өздерінің құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар басқа да заңды тұлғаларға (бұдан әрі - ұйымдар) таратылады.

2. Объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларының тиімділігін және жеткіліктілігін бағалау, қауіпсіздік шараларын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами