ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы 29 қазандағы
№ 189 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009.21.10. № 244 бұйрығымен барлық мәтін бойынша «Ереже», «Ережелерді», «Ережелермен», «Ережелерге» сөздері сәйкесінше «Талап», «Талаптарды», «Талаптармен», «Талаптарға» сөздерімен алмастырылды (бұр.ред.қара)
Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптары
(2009.21.10. берілген өзгерістермен)
1-тарау Жалпы ережелер
2-тарау Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, имараттарға қойылатын талаптар
3-тарау Бастапқы материалдарға, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарға қойылатын талаптар
4-тарау Бастапқы материалдарды, дайындап қойылған, жартылай дайындалған және дайын материалдарды сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар
5-тарау Өндірістік қондырғыларға, оларды орналастыруға және жөндеуге қойылатын талаптар
6-тарау Өндірістік (технологиялық) қойылатын талаптар
1-параграф Жалпы талаптар
2-параграф Сусыздандырылған карналлит өндірісі
3-параграф Сусыз карналлит өндірісі
4-параграф Магний мен хлордың электролиттік өндірісі
5-параграф Шақпақталған магний және оның қорытпаларын өндіру
6-параграф Түйіршіктелген магний өндірісі
7-параграф Бақылау - өлшеу приборлары, автоматизация құралдары
8-параграф Шаңды ұстап қалу және газдан тазарту
9-параграф Түтін трубалары
7-тарау Электр құрылғыларына қойылатын талаптар, жарықтандыру. Сигнализация және байланыс
Қосымша Магний өндіріс кезінде шектік жіберілетін концентрация (ШЖК) және қауіпті өндірістік факторлар деңгейі
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талап магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
2. Магний өндірісіне:
1) өндірістік бақылау ережесі;
2) технологиялық регламенттер;
3) аварияны жою жоспары өңделеді.
3. Тұлғаға қойылатын талаптар мен оны дайындау «Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сәйкес орындалады.
2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, имараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар