Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық
куәліктерін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 12 тамыздағы № 354 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 631 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 136 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5210 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 маусымдағы № 89 (1489) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Д. Көтербеков |
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және байланыс министрі
А. Жұмағалиев
2010 жылғы 27 тамыз
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 354 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру
құралдарының жарамдылық куәліктерін беру
ережесі
Жалпы ережелер