Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 554 бұйрығы
(2022.22.11. берілген өзгерістермен)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының» 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі бекітілсін.
2. «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4563 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 3 тамызда № 118 (1321)) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті Қазақстан Республикасы (Омаров Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министірінің м.а.
2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 554
бұйрығымен бекітілген
Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану ережесі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи ресурстарын пайдалануы мақсатында оларды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылады.