Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік
және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 385 Бұйрығы
(2011.28.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағына 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бекітілсін.
2. «Авиациялық персоналды авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша қайта даярлау бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 275 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 6 (1209), 2007 жылғы 25 мамырдағы № 78 (1281) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2010 жылғы 26 тамызда
№ 385 бұйрығымен бекітілген