Введите номер документа
Прайс-лист

«Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 134 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 3 сентября 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 октября 2018

Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 134 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 190 Қаулысымен 2018 ж. 1 қазаннан бастап күші жойылды

 

 «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесі бекітілсін.

2. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:

1) Агенттік Басқармасының «Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алған кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 тіркелген, 2006 жылғы 27 қазанда «Заң газеті» газетінің № 189 (1169) санында жарияланған) қаулысы;

2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген) қаулысы қосымшасының 7-тармағы.

3. Талаптарында сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысуы көзделген сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің қызметін оның талаптарына сәйкес келтірсін.

4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом