Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 236/18 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 21 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындардағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау комиссиялары (келісім бойынша) бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде 45 және одан артық балл жинаған, мемлекеттік оқыту гранты немесе мемлекеттік оқыту кредитін ала алмаған абитуриенттер тізімдерін тиісті жылдың 10 тамызына дейін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынатын болсын.
3. Қалалар мен аудандар әкімдері:
жергілікті жерлерде еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерге іріктеу жүргізу жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі - үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиялар) құрылсын;
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға іріктеуден өткен үміткерлер тізімін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін, сондай-ақ Нұсқаулықта қарастырылған қажетті құжаттарды облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті жылғы 15 тамызға дейін ұсынсын.