Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 Қаулысы
(2014.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 40) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1174 қаулысымен бекітілген
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.08.10. № 1275 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланыады:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) ҚР Үкіметінің 2012.08.10. № 1275 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)