Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1120 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 775 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасы бекітілсін.
2) «Тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 279-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1120 қаулысымен бекітілген
Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағиданың қолданысы тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуді немесе осы аумақтан әкетуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға таралады.
3. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 281-бабында, сондай-ақ осы Қағидада көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынған кезде кедендік алымдарды салудан босатылады.
4. Олардың негізінде кедендік алымдарды салудан босату берілетін құжаттар тауарларды кедендік декларациялау жүргізілетін кеден органына Кодекстің 283-бабында айқындалған мерзімде кедендік декларацияны берумен бір уақытта ұсынылады.