Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.26.05 № 476 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2010 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 26 мамырдағы

№ 476 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Аккредиттеу ережесі).

4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz  мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып бес жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды.

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом