Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 Қаулысы
(2010.19.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген
«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының
әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының лицензия-рұқсат беру жүйесінің (бұдан әрі - ЛРЖ) бөлімшелері көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет аяқтау нысаны: жеке тұлғаға қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге берілген, заңды тұлғаға қаруды сақтауға берілген рұқсат болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет:
1) 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге;
2) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қызметкерлеріне;
3) күзет қызметі субъектілерінің 19 жасқа толған қызметкерлеріне;
4) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларға;
5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін қоспағанда, күзет қызметімен айналысуға лицензиялары бар субъектілерге (заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге);
6) спорт ұйымдарына (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:
өтініш берушілер тиісті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлғалар үшін - жеті күн, заңды тұлғалар үшін - он бес күн;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт: 40 минуттан аспайды;
қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт: 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін (суық аңшы, сигналдық, ұңғысыз атыс қаруын, жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен оқталған механикалық шашыртқыларды, аэрозольдік және басқа да құрылғыларды, ұңғы энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгіні қоса алғанда, пневматикалық қаруларды қоспағанда) мемлекеттік алым төлеу күні бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен төленген күнін растайтын түбіртек береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ), облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен ЛРЖ бөлімшелерінде ілінген стенділерде орналастырылады.
10. ЛРЖ-де лицензиялық-рұқсат беру жұмысы мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкілдерін қабылдау әр дүйсенбі мен бейсенбіде сағат 9-00 ден бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін және жұмыс істемейтін күндері айына екі рет сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
11. ЛРЖ бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) басқа бөлімшелерінен бөлек, дене мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған пандустары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыратын орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу мәселелерін реттейтін, сондай-ақ лицензия-рұқсат беру жүйесінің ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертпе берілетін нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді-көшірмелері) бар стенділермен жабдықталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі (бұдан әрі - Ереже) талаптарына сәйкес сатып алынған азаматтық қаруды тіркеу (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат алу) үшін Қазақстан Республикасының азаматы ЛРЖ-ға:
3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуретті;
қаруды тіркегені (қайта тіркегені) үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;
қаруды сатып алу көзін көрсететін құжатты (рұқсаттың немесе өтініштің телнұсқасын);
қаруды дүкеннен алғаш рет сатып алу кезінде және одан кейінгі әрбір 5 жылда ІІО-да қайта тіркеу кезінде сатып алынған шолақ аңшы қаруынан оқты және гильзаларды бақылау мақсатында атып көру туралы актіні ұсынады.
Өзін-өзі қорғауға арналған ұзын тегіс ұңғылы атыс қаруы, оның ішінде жарақат салатын патрондары бар қару денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тиісті нормаларына сәйкес аңшылық билеті болмай-ақ, оны алып жүру құқығынсыз тіркеледі.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, арнайы органдардың арнаулы атағы бар қызметкерлері азаматтық қаруды тіркеуі (оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы) үшін қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруына, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер газды тапаншалар мен револьверлерді, ұңғысыз атыс қаруын өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаты бойынша жалпы негізде тіркейді (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алады);
2) Қазақстан Республикасының азаматы қайта тіркеу (азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсаттың жарамдылық мерзімін ұзарту) үшін ЛРЖ-ға Ереженің талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынады;
3) Ереже талаптарына сәйкес сатып алынған қызметтік қаруды тіркеу (оны сақтауға рұқсат алу) үшін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ЛРЖ-ға:
заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің өтінішін (қолдаухатын);
қаруды сатып алу көзін көрсететін құжатты (ЛРЖ беретін лицензияның телнұсқасын);
қаруды тіркегені үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;
қаруды сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы туралы ІІО, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің өкілдері жасаған актіні (қаруды сақтауға арналған жаңа объектіні ашу кезінде ұсынылады) ұсынады.
Қажетті құжаттарды қабылдауға және рұқсат беру бланкілерін беруге жауапты адамның орналасқан жері туралы ақпарат ІІД-нің ресми сайттарында орналасқан;
4) Ереженің 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9, 10, 10-2, 10-3 (құпия) және 10-4-қосымшаларында көрсетілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қызметкерлерінің қызметтік және азаматтық қаруды тіркеуі (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алуы) үшін қажетті құжаттар тізбесі:
заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің өтініші (қолдаухаты);
қаруды тіркеуге үміткер адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері көрсетілген тізімі;
заңды тұлға басшысының немесе дара кәсіпкердің адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтік қаруды жеке бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;
қаруды тіркеуге үміткер адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
3х4 см мөлшеріндегі екі фотосурет;
күзетшілерді (күзет қызметі субъектілері үшін) даярлау (қайта даярлау) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары беретін күзетші ретіндегі жұмысқа даярлықтан еткенін растайтын куәлік;
«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы (күзет қызметі субъектілерін қоспағанда) берген қару ұстау қауіпсіздігі ережесін білуін тексеру туралы анықтама;
қаруды тіркегені үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек.
13. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алуға өтінішті осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ЛРЖ-ға тапсырады. Өтінішті толтыру үлгілері ЛРЖ-ның бөлімшелерінде орналасқан стенділерде бар.
14. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша аумақтық ІІО-ның, ІІД-нің кеңсесіне тапсырылады.
Кеңсе қызметкері өтініш берушінің құжаттарын қабылдайды және тіркейді.
15. Өтініш берушіге осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.
ЛРЖ қызметкері өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, сатып алынған қаруды тіркейді (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсатты ресімдейді) және/немесе қайта тіркейді және ІІО, ІІД, ІІМ басшылары қол қойғаннан кейін рұқсатты өтініш берушіге береді.
16. Қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды ЛРЖ-ның осы рұқсаттарды ресімдеген қызметкері өтініш берушінің өзіне не сенімхат бойынша уәкілетті адамға береді.
17. Мыналар:
1) өтініш берушінің осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауы;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден ерікті түрде бас тарту;
3) қоғамдық тәртіпке немесе белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайтадан жасауы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алу мүмкіндігін жоятын мән-жайлардың туындауы;
5) азаматтық және қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан қаруды конструкциялық өзгертуі;
6) азаматтық және қызметтік қарудың азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондары айналымы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалдық талаптарға сәйкес келмеуі;
7) егер адамның:
жасы 18-ге толмаса (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ресімдеу кезінде);
жасы 19-ге толмаса (күзет қызметі субъектілері қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ресімдеуі кезінде);
қасақана қылмыс жасаған үшін жойылмаған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болса;
тұрақты тұратын жері болмаса;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса (сейфтің немесе металл шкафтың немесе бөтен адамдардың қаруды алуға мүмкіндігін болдырмайтын өзге құрылыстың жоқтығы);
ЛРЖ-ға қаруды ұстау қауіпсіздігі ережесін білуін тексеруден өткенін растайтын құжаттарды ұсынбаса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. ЛРЖ бөлімшелерінің қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты және ІІО қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтауды қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық кағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. ЛРЖ бөлімшелері жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның және оның аумақтық мекемелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мағынасын арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. ЛРЖ қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшыларына шағымдануға болады.
22. Шағымдар жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ-нің кеңселері арқылы жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00 бастап сағат 13-00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
23. Келіп түскен шағым ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ-нің кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге почта немесе электрондық почта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Ұсынылатын мемлекеттік қызметке жауапты ІІО, ІІД ЛРЖ бөлімшелері басшыларының мекен-жайлары аумақтық ІІО-ның, ІІД-нің кезекші бөлімдерінде болады, сондай-ақ осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
25. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, интернет-ресурсы: www.mvd.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 71-40-75.
ҚР Үкіметінің 2010.19.06. № 620 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
| № | Ішкі істер департаменттері | Заңды мекен-жайы | Интернет-ресурсы | Ішкі істер департаметтері хатшылығының телефондары | Лицензия-рұқсат беру жүйесі бөлімшелерінің телефондары |
| 1. | Астана қаласының Ішкі істер департаменті | Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19 | www.ast.dvd.mvd.kz | 71-61-98, 71-61-99 | 71-61-70, 71-60-18, 71-63-66 |
| 1) | «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы | Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 2 | | 71-68-63 | 71-67-37 |
| 2) | «Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы | Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 1 | | 71-66-32 | 71-66-46 |
| 3) | «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы | Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21 | | 79-88-02, 79-88-10 | 79-88-02 |
| 2. | Ақмола облысының Ішкі істер департаменті | Көкшетау қаласы, Горький көшесі, 35 | www.akmdvd.online.kz | 29-11-24, 29-11-25 | 25-00-35 |
| 1) | Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасы | Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 121 | | 25-78-05, 29-96-79 | 23-03-49 |
| 2) | Степногор қаласының ішкі істер бөлімі | Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49 | | 5-82-02 | 5-82-02 |
| 3) | Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімі | Ақкөл қаласы, Октябрь көшесі, 2 | | 2-10-02 | 2-10-02 |
| 4) | Аршалы ауданының ішкі істер бөлімі | Аршалы ауылы, Ташенов көшесі, 47 | | 2-17-44 | 2-17-44 |
| 5) | Астрахань ауданының ішкі істер бөлімі | Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесі, 16 | | 2-13-02 | 2-13-02 |
| 6) | Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі | Атбасар қаласы. Урицк көшесі, 38 | | 4-37-40 | 4-37-40 |
| 7) | Бұланды ауданының ішкі істер бөлімі | Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 135 | | 2-10-02 | 2-10-02 |
| 8) | Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі | Егіндікөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 8 | | 2-14-85 | 2-14-85 |
| 9) | Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі | Степняк қаласы, Ленин көшесі, 79 | | 2-30-40 | 2-30-40 |
| 10) | Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі | Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесі, 79 | | 3-32-68 | 3-32-68 |
| 11) | Есіл ауданының ішкі істер бөлімі | Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 63 | | 2-12-02 | 2-12-02 |
| 12) | Жақсы ауданының ішкі істер бөлімі | Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесі, 34 | | 2-12-89 | 2-12-89 |
| 13) | Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі | Державинск қаласы, Захаров көшесі, 33 | | 9-63-33 | 9-63-33 |
| 14) | Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі | Зеренді ауылы, Ілиясов көшесі, 42 | | 3-44-02 | 3-44-02 |
| 15) | Қорғалжын ауданының ішкі істер бөлімі | Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесі, 8 | | 2-14-35 | 2-14-35 |
| 16) | Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімі | Балкашино ауылы, Абай көшесі, 101 | | 5-00-02 | 5-00-02 |
| 17) | Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі | Ақмол ауылы | | 92-4-18 | 92-4-18 |
| 18) | Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі | Шортанды ауылы, Советская көшесі, 21 | | 2-75-02 | 2-75-02 |
| 19) | Бурабай ауданының ішкі істер бөлімі | Щучье қаласы, Коммунистическая көшесі, 33 | | 4-27-27, 4-43-65 | 4-43-65 |
| 3. | Алматы қаласының Ішкі істер департаменті | Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57а | www.almaty.police.kz | 254-41-55, 254-42-24 | 254-47-81, 254-42-17, 254-42-15, 254-47-97, 254-40-83 |
| 1) | Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 78 | | 298-54-85 | 298-54-88 |
| 2) | Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109 | | 254-46-29 | 254-46-22 |
| 3) | Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 76 | | 298-53-53 | 221-09-86 |
| 4) | Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 205 | | 254-47-34 | 395-05-43 |
| 5) | Жетісу ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 158 а | | 279-96-88 | 233-69-18 |
| 6) | Медеу ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Зенков көшесі, 37 | | 254-48-18 | 254-48-15 |
| 7) | Түріксіб ауданының Ішкі істер басқармасы | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14 | | 298-54-09 | 298-54-45 |
| 4. | Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті | Ақтөбе, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 | www.aktobepolice.kz | 51-27-55, 93-03-03 | 52-02-09, 93-01-07 |
| 1) | Ақтөбе қаласының Ішкі істер басқармасы | Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі, 21 | | 21-23-38, 40-41-08 | 97-08-77, 97-08-70 |
| 2) | Әйтеке би ауданының ішкі істер бөлімі | Комсомол ауылы, Ардагер көшесі, 7 | | 2-14-29 | 2-17-75 |
| 3) | Алға ауданының ішкі істер бөлімі | Алға қаласы, Мұхамбетов көшесі, 28 | | 3-11-02 | 3-37-02 |
| 4) | Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі | Байғанин ауылы, Советтер көшесі, 15 | | 22-1-74 | 22-6-82 |
| 5) | Ырғыз ауданының ішкі істер бөлімі | Ырғыз ауылы, Ленин көшесі, 14 | | 2-12-27 | 2-12-03 |
| 6) | Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі | Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 9 | | 23-6-31 | 22-8-57 |
| 7) | Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі | Мәртөк ауылы, Ленин көшесі, 45 | | 2-14-04 | 2-14-90 |
| 8) | Мұғалжар ауданының ішкі істер бөлімі | Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесі, 74а | | 3-66-08 | 3-61-38 |
| 9) | Темір ауданының ішкі істер бөлімі | Шұбар құдық ауылы, Желтоқсан көшесі, 1 | | 2-23-60 | 2-32-02 |
| 10) | Ойыл ауданының ішкі істер бөлімі | Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесі, 42 | | 2-18-98 | 2-17-17 |
| 11) | Қобда ауданының ішкі істер бөлімі | Қобда ауылы, Астана көшесі, 97 | | 2-16-92 | 2-16-95 |
| 12) | Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі | Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10 | | 2-12-37 | 2-16-24 |
| 13) | Шалқар ауданының ішкі істер бөлімі | Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88 | | 2-14-61 | 2-14-63 |
| 5. | Алматы облысының Ішкі істер департаменті | Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, 91/95 | www.jetisu-police.kz | 60-02-11, 60-01-54 | 60-01-15, 60-01-08 |
| 1) | Талдықорған қаласының Ішкі істер басқармасы | Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 249 | | 60-86-04 | 24-42-00 |
| 2) | Еңбекшіқазақ ауданының Ішкі істер басқармасы | Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 105 | | 4-48-89 | 4-48-89 |
| 3) | Іле ауданының Ішкі істер басқармасы | Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі | | 51-72-14 | 51-72-14 |
| 4) | Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасы | Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 90 | | 98-34-22 | 2-28-06 |
| 5) | Талғар ауданының Ішкі істер басқармасы | Талғар қаласы, Абылайхан көшесі, 120 | | 295-61-05 | 295-61-05 |
| 6) | Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі | Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 4 | | 4-17-98 | 4-10-98 |
| 7) | Текелі қаласының ішкі істер бөлімі | Текелі қаласы, Қонаев көшесі, 104 | | 4-51-18 | 4-51-18 |
| 8) | Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі | Жансүгіров кенті, Жекебаев көшесі, 104 | | 2-15-95 | 2-15-95 |
| 9) | Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі | Ұшарал қаласы, Қонаев көшесі, 9 | | 2-12-84 | 2-22-14 |
| 10) | Балқаш ауданының ішкі істер бөлімі | Бақанас ауылы, Сейфуллин көшесі, 1 | | 91-4-01 | 91-4-01 |
| 11) | Ескелді ауданының ішкі істер бөлімі | Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 10 | | 3-01-02 | 3-01-02 |
| 12) | Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі | Ұзынағаш ауылы, Рысқұлов көшесі, 78 | | 2-12-45 | 2-15-45 |
| 13) | Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі | Үштөбе қаласы, Төле би көшесі, 63 | | 2-10-02 | 2-11-57 |
| 14) | Кербұлақ ауданының ішкі істер бөлімі | Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, 32 | | 31-8-55 | 31-8-55 |
| 15) | Көксу ауданының ішкі істер бөлімі | Балпық би ауылы, Исабаев көшесі, 122 | | 2-02-18 | 2-06-46 |
| 16) | Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі | Жаркент қаласы, Жансүгіров көшесі, 102 | | 5-12-02 | 5-12-02 |
| 17) | Райымбек ауданының ішкі істер бөлімі | Беген ауылы, Жамбыл көшесі, 9 | | 2-13-98 | 2-15-59 |
| 18) | Сарқанд ауданының ішкі істер бөлімі | Сарканд қаласы, Жамбыл көшесі, 42 | | 2-10-02 | 2-11-54 |
| 19) | Ұйғыр ауданының ішкі істер бөлімі | Шоңжы ауылы, Исламов көшесі, 51 | | 2-15-97 | 2-15-97 |
| 6. | Атырау облысының Ішкі істер департаменті | Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 85 | www.dvd-atyrau. kz | 98-21-17, 98-20-57 | 98-20-33 |
| 1) | Атырау қаласының Ішкі істер басқармасы | Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі, 247 | | 98-15-72 | 98-15-14 |
| 2) | Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі | Құлсары қаласы, Дүйсенбеков көшесі, 54 | | 5-17-22 | 5-17-22 |
| 3) | Индер ауданының ішкі істер бөлімі | Индер кенті, Нысанбаев көшесі, 9 | | 2-13-65 | 2-13-65 |
| 4) | Исатай ауданының ішкі істер бөлімі | Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 11 | | 2-02-02 | 2-06-97 |
| 5) | Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімі | Миялы ауылы, Абай көшесі, 8 | | 2-12-06 | 2-12-01 |
| 6) | Құрманғазы ауданының ішкі істер бөлімі | Ганюшкино ауылы, Абай көшесі, 37 | | 2-11-89 | 2-11-20 |
| 7) | Мақат ауданының ішкі істер бөлімі | Мақат ауылы, Газовик көшесі, 13 | | 3-09-60 | 3-09-60 |
| 8) | Махамбет ауданының ішкі істер бөлімі | Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13 | | 2-23-67 | 2-23-67 |
| 7. | Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1 | http://02vko.kz | 23-43-17, 23-42-11, 23-43-21 | 23-42-72, 23-43-75 |
| 1) | Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы | Өскемен қаласы, Пролетарская көшесі, 152 | | 23-27-11, 23-27-12, 23-26-22 | 23-27-25, 23-27-86, 23-27-16 |
| 2) | Семей қаласының Ішкі істер басқармасы | Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17 | | 56-97-56 | 56-93-90 |
| 3) | Аягөз қаласының және Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі | Аягөз қаласы, Тәніберген көшесі, 68 | | 3-33-43, 3-14-88 | 3-33-43, 3-14-88 |
| 4) | Зырян қаласының және Зырян ауданының ішкі істер бөлімі | Зырян қаласы, Горький көшесі, 34 | | 4-19-31, 3-10-08 | 4-19-31, 3-10-08 |
| 5) | Риддер қаласының ішкі істер бөлімі | Риддер қаласы, Тоқтаров көшесі, 8 | | 4-47-41, 4-22-50 | 4-52-13 |
| 6) | Абай ауданының ішкі істер бөлімі | Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі, 13 | | 9-13-26 | 9-13-26 |
| 7) | Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімі | Бесқарағай ауылы, Әуезов көшесі, 45 | | 9-14-63, 9-18-61 | 9-14-63, 9-18-61 |
| 8) | Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі | Бородулиха ауылы, Бейбітшілік даңғылы, 16 | | 2-10-27 | 2-15-63 |
| 9) | Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі | Глубокое ауылы, Попович көшесі, 44 | | 2-18-80, 2-26-77 | 2-29-75 |
| 10) | Жарма ауданының ішкі істер бөлімі | Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесі, 36 | | 6-57-54 | 2-66-40 |
| 11) | Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі | Зайсан қаласы, Сәтпаев көшесі, 14 | | 2-12-02, 2-13-06 | 2-12-02, 2-13-06 |
| 12) | Катон-Қарағай ауданының ішкі істер бөлімі | Үлкен Нарын ауылы, Абай көшесі, 1 | | 2-13-02 | 2-13-02 |
| 13) | Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі | Көкпекті ауылы, Астана көшесі, 33 | | 2-17-94, 2-19-49 | 2-17-94, 2-19-49 |
| 14) | Күршім ауданының ішкі істер бөлімі | Күршім ауылы, Новая көшесі, 10 | | 3-17-76, 3-21-58 | 3-17-76, 3-21-58 |
| 15) | Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімі | Ақсуат ауылы, Қабанбай ауылы, 1 | | 2-18-03 | 2-18-03 |
| 16) | Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі | Молодежное кенті, 5-үй | | 2-74-33 | 2-74-33 |
| 17) | Үржар ауданының ішкі істер бөлімі | Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 171 | | 2-10-02 | 2-10-02 |
| 18) | Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімі | Шемонаиха қаласы, Интернациональный көшесі, 2 | | 2-15-66 | 2-15-71 |