Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жайлы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2010 жылғы 12 қазандағы № 71 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 12 октября 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 сентября 2012

Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жайлы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2010 жылғы 12 қазандағы № 71 Бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 93 бұйрығымен күші жойылды

 

Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Азаматтарды ақтау және жазаның орындалуына прокурорлық қадағалау ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 42 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 тіркелген):

2) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылдың 4 қарашасындағы № 42 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 31 қазандағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5010 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі Департаменттің бастығы (Әбдіров Н.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом