Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 778 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 қарашадағы
№ 1146 қаулысымен
бекітілген
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың
2020 жылға дейінгі бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары |
Әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі |