2010-2012 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 1 шешімі
(2010.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңы 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010.07.04. № 1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.30.07. № 1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 10829141 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4768676 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 28141 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 961397 мың теңге;
трансфеттердің түсімдері - 5070927 мың теңге;
2) шығындар - 10949092 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) - -119951,9 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 119951,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсімдері - 282828 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 473000 мың теңге;
Бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары - 310123,9 мың теңге.
1.1) Жыл басына қалыптасқан қалалық бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 10-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қалалық бюджеттің шығыстарына бөлінсін.
2. 2010 жылға арналған қалалық бюджеттің кірістері мынадай салықтық түсімдер есебінен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылатынын деп белгіленсін: