Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 708 бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы ереже бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер басқармаларының (бас басқармаларының) бастықтары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы полиция басқармасы:
1) ішкі істер органдарының басшы және инспекторлық құрамының осы Ережені зерделеуін ұйымдастырсын;
2) кәмелетке толмағандар саласы бойынша ішкі істер органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Ереженің нақты және бірдей қолданылуын қамтамасыз етсін;
3) Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының штаттық құрылымы мен санын Үлгілік штаттарға (Ережеге 3-қосымша) сәйкес келтірсін. Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары қызметкерлерінің Ереженің талаптарын зерделегенін анықтау үшін олардың білімін бағалауды ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы полиция полковнигі Ғ.А. Алпысбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы полиция генерал-лейтенанты | |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
12 қаңтар 2005 жыл
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
6 қаңтар 2005 жыл
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
30 желтоқсан 2004 жыл