Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 228 бұйрығы
(2010.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010.18.06. № 127 бұйрығымен тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «сауда» деген сөз «жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы редакция 2010 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеге және «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің регламенті бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы № 248 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы В.К.Советскийге жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап кушіне енді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2009 жылғы 21 тамыздағы
№ 228 бұйрығымен бекітілген
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010.18.06. № 127 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
Регламенті
1. Жалпы ережелер
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010.18.06. № 127 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)