2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешімі
(2010.05.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 26 желтоқсандағы 2521 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010.26.01. № 21/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.16.04. № 23/10 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.23.07. № 26/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 27/8 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2010 жылға арналған келесі мөлшерлерде бекітілсін:
1) кірістер - 17 084 852,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 610 714 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 41 602 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 685 684 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 8 746 852,7 мың теңге;
2) шығындар - 19 534 450,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 134 418 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 143 460 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 9 042 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 584 015,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 584 015,7 мың теңге.