Введите номер документа
Прайс-лист

«Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 15 ноября 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 августа 2013

Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің міндетін атқарушының № 224-ө «Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4964 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 8 қарашада № 171 (1200) жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

С. Баймағанбетов

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2010 жылғы 15 қарашадағы

№ 476 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Оралман мәртебесін беру

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Оралман мәртебесін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін көздейді.

2. Осы Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасы егемендік алған сәтте одан тыс жерлерде тұрақты тұрған және тұрақты тұру мақсатымен Қазақстанға келген ұлты қазақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға таратылады.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом