Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді
(алымдар ставкаларын) есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 30 қарашадағы № 284-НҚ бұйрығы
(2010.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010.29.11. № 332-НҚ бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (алымдар ставкаларын) есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. «Теңіз порты орындайтын жұмыстар мен қызметтер үшін алым ставкаларын және төлемдерді есептеу жөніндегі әдістеменің бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 313-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов):
1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастан күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 284-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтер (алым ставкаларын) есептеу
әдістемесі
1. Жалпы ережелер