Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 416 Бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2014 жылғы 27 мамырдағы № 256 бұйрығымен күші жойылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 27 қарашадағы
№ 416 бұйрығымен
бекітілген
Ерікті өрт сөндірушілердің бастапқы даярлық
бағдарламасы
| № р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
| барлығы | оның ішінде |
| сыныптық - топтық | практикалық |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері. | 2 | 2 | - |
| 2. | Бөлімше қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің мақсаты мен тактикалық-техникалық сипаттамалары. | 2 | 1 | 1 |
| 3. | Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі мен жарағы. Дабыл бойынша жиналу және шығу кезінде бөлімшені автомобильге отырғызу. Қауіпсіздік шаралары. | 2 | 1 | 1 |
| 4. | Жану үдерісі мен жанғыш заттар туралы жалпы мәліметтер. Өрт және оның дамуы. Жанудың тоқтау негіздері. | 2 | 2 | - |