Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 Қаулысы
(2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.23.08. № 828 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.23.08. № 828 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.