«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техиикалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысы
(2017.30.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 121 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
«Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 53-құжат);
2) «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 қарашадағы
№ 1202 қаулысымен
бекітілген
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы