Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ 26.12.95 Ж. № 2733 ЗАҢЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық Заңы

(2010.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда

 

I тарау Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесi

(1 - 6 баптар)

II тарау Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi

(7 - 19 баптар)

III тарау Қазақстан Республикасы Президентінің актілері

(20 - 25 баптар)

IV тарау Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру

(26 - 27 баптар)

V тарау Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн қамтамасыз ету

(28 - 33 баптар)

VI тарау Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенттерi

(34 - 36 баптар)

VII тарау Қорытынды ережелер

(37 - 38 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайын белгiлейдi.

 

 

I тарау

Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесi

 

1-бап. Республика Президентi

1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

3. Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.

5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

ҚР Қылмыстық кодексi қараңыз

 

2-бап. Республика Президентiн сайлау

Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом