Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 20-бабына, 7-бабы 5) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес.
2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемі мөлшерлері бекітілсін, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес.
3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды осы мақсатқа көзделген «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» 451-002-100 бағдарламасы бойынша қала бюджетінің қаражаты шегінде қамтамасыз етсін.
4. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мишнев В.И.):
1) жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстар орындауға шарт жасасын.