Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 561 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар коры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж. № 43, 411-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 968 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 501-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 87 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және
пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - ҚР ҚМК) және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - ҚӨК) жер қойнауын мемлекеттік сараптауды (бұдан әрі - Сараптама) жүзеге асырады.